
Шымкент қаласының Әділет департаменті контрафактілік сусындардың партиясын жойды. 2025 жылғы 15 желтоқсан — Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаментімен бірлесіп, контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымын тоқтату жөнінде операция жүргізді, нәтижесінде жалған газдалған сусындары жойылды.
2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы супермаркеттердің бірінде бірлескен тексеру барысында «Натахтари» тауар белгісімен шығарылған 140 дана контрафактілік газдалған сусын анықталды. Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген өнім контрафактілік болып табылады, түпнұсқа компания өндірмеген және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Тексеру қорытындылары және сот шешімі: Азамат «Р» Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК РК) 158-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 82 572 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысына сәйкес, жалпы құны 84 000 теңге болатын 140 дана контрафактілік өнім Әділет департаментімен тәркіленіп, толығымен жойылды.
«Бұл жұмыс – біздің көлеңкелі нарықпен үздіксіз күресіміздің және тұтынушылардың сапасыз және қауіпті өнімдерден құқықтарын қорғау жұмысымыздың бір бөлігі. Әділет департаменті зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларға қатысты қатаң шараларды қабылдауды жалғастырады», — деді Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Мұхтар Абдезов.
Шымкент қаласының Әділет департаменті азаматтарды сақ болуға және өнімді тек тексерілген сауда орындарында сатып алуға, сапаны растайтын құжаттарды талап етуге шақырады.