
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы филиалында өткен семинарда Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Айнур Исабекова азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі және «Е-Өтініш» жүйесінің мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды.
«Е-Өтініш» жүйесінің артықшылықтары: – Мемлекеттік органға жүгіну процесі толық оңайлатылды; – Өтініштер бір терезе қағидаты бойынша қабылданады; – Барлық кезеңдер ашық, мерзімдер бақылауда; – Азамат пен мемлекеттік орган арасындағы байланыс жедел және тиімді.
Маңызды өзгерістер: – Мемлекет пен жеке/заңды тұлға арасындағы дауларды шешу тәртібі жаңартылды (әкімшілік сот ісін жүргізу); – Қоғамдық шешімдер қабылдауға ықпал ету тетігі кеңейді — E-petition (петиция енгізу).
Семинарда талқыланған мәселелер: – Өтініштерді дұрыс рәсімдеу; – Шағым мен сұранымды ажырату; – Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі.
Іс-шара азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыруға және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нығайтуға бағытталды.