ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ЖАСТАРМЕН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ЖАСТАРМЕН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға Департаменттің бас маманы С. Бахтыяр, "Жастар ресурстық орталығы" ҚММ-нің жастармен жұмыс бөлімнің маманы Ә.Ж. Төребек қатысты. қатысты.

Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, теріс ағымдағы дін таратушылардан сақ болу мәселелеріне тоқталып, бұл әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екенін және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге шақырды.

Сонымен қатар, e-Gov қосымшасындағы «Заң және тәртіп» тетігі туралы, AdiletGov мобильдік қосымшасы туралы және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды.