
Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамның төзбеушілігін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік, құрмет пен тең құқықтар идеяларын интернет кеңістігінде ілгерілету мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны басталды.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» – бұл әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы жыл сайынғы жаһандық халықаралық науқан, ол 25 қарашада, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнінен басталып, 10 желтоқсанға Адам құқықтары күніне дейін жалғасады.
2025 жылы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтеді.
Осы науқан аясында инновациялық-технологиялық колледжінде «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заңгері, заң консультанты Мырзабай Нұрлан және «Shymkent Hub» директоры Козыкеев Тимур қатысты.