“МАСЫЛДЫҚ - ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ” АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

“МАСЫЛДЫҚ - ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ” АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

«Отбасын қолдау орталығы»КММ ұйымдастыруымен «Масылдық қоғамның өзекті мәселесі» атты іс шара атап өтілді.

Кездесуге:«Отбасын қолдау орталығы»КММ директор орынбасары И.Әбдішәкір және бөлім басшысы Л.Әуесбек,Шымкент қаласының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Айдаров, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Шымкент қалалық филиалынының төрағасы және қоғамдық кеңестің мүшесі Б.Джандарбеков, «Әділет-Ақпарат» кәсіпкерлер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Қ.Ержигитов пен мүшелері, «Әжелер» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы білім басқармасының «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ директордың орынбасары М.Тоқсанбаева мен бөлім басшысы М.Деканбаева, және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әлеуметтік жұмыс мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Іс шара мақсаты масылдық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін әлеуметтік құбылыс болғандықтан, әлеуметтік әділетсіздікті күшейтіп, экономикалық шығынға әкеледі және жеке тұлғаның дамуын тежейді.

Сондықтан әрбір азамат өз еңбегіне сүйеніп, қоғамға үлес қосуға ұмтылуы тиіс. Еңбек – адамды шыңдайтын, қоғамды дамытатын басты құндылық екендігі жайлы пікір алмасумен бірге сұрақ-жауаптар айтылды.