
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шымкент қаласында «Құқық кабинеттері» ашылған болатын. Аталған кабинеттер азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беріп, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Шымкент қаласы аудан әкімдіктерінің аппаратында орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысы тексерілді.
Кабинет барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен «Заң» дерекқоры, сондай-ақ e-otinish, «Ашық НҚА» порталы сияқты ақпараттық ресурстарға қолжетімділік қарастырылған.
Шымкент қаласында орналасқан құқық кабинеттерінің мекен-жайлары келесідей:
Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты (Бәйдібек би даңғылы, №60);
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты (Тыныбаев көшесі, №49);
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты (Толстой көшесі, №119);
Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты (Нұрсат тұрғын алабы, № 119);
Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты (Тәуке хан даңғылы,№6)