
2025 жылғы 26 қараша күні Көкбұлақ тұрғын алабындағы №118 мектепте жұмыссыз азаматтарға арналған кіші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Әділет департаменті, Полиция департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Тұран аудандық басқармасының мамандары қатысып, жұмысқа мұқтаж және алимент берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетілді.
Жәрмеңкеде азаматтарға қолжетімді жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен тікелей кездесуге мүмкіндік берілді.