ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында өтініш білдірген азаматтарға қоғамдық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша білікті заң көмегі көрсетілді.

Бұл шара құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және халыққа қолжетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған.