Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент қалалық өнер және дизайн колледжінде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы С.Бахтыяр, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Абдукаримов Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің инспектор маманы Б. Әмірәлі қатысты.
Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг әрекеттері үшін заң алдында жауапкершілігі бар екенін және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге шақырды.