
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінің арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Департаменттің бөлім басшысы М.Абдезов, бас маманы С.Бахтыяр, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Р.Қыпшақбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Абдукаримов Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің инспектор маманы Б. Әмірәлі қатысты.
Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, теріс ағымдағы дін таратушылардан сақ болу мәселелеріне тоқталып, бұл әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екенін және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге шақырды.