
Шымкент қаласының нотариусы Рахметова Гүлшат Рахметқызының қатысуымен 3-курс студенттеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Сабақтың басты тақырыбы – нотариустың атқарушылық жазба жасауы, бұл – тәжірибеде жиі қолданылатын және маңызды нотариаттық әрекеттердің бірі.
Семинар барысында студенттер:
– атқарушылық жазбаның құқықтық маңызымен танысты;
– құжаттарды дайындау тәртібі мен нотариустың әрекет алгоритмін үйренді;
– нақты мысалдар арқылы жиі жіберілетін қателер мен бас тарту себептерін талдады.
Семинар арқылы студенттер теориялық білімдерін бекітіп, өзекті сұрақтарын қойып, нотариустың жұмысын “ішінен” көруге мүмкіндік алды.
Бұл сабақ — болашақ заңгерлер үшін кәсіби дамудағы маңызды қадам болды.