Индустриалды техникалык колледжінде “Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті.
Студенттерге e-Gov қосымшасындағы «Заң және тәртіп» тетігі, буллинг, алаяқтық тақырыптарында түсіндірмемелер баяндалды. Сондай-ақ, AdiletGov мобильдік қосымшасы туралы және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды.
Кездесуге Шымкент қаласының Әділет департаментінің бас маманы С.Бахтыяр, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің аға жедел уәкілі С.Тугузбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің маманы Ж.Аманбаева, Индустриалды техникалык колледж МКҚК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Абдыхалыкова қатысты.
Жастармен заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы талқыланды.