AdiletGov Мобильдік қосымшасы

AdiletGov Мобильдік қосымшасы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы бірлесіп атқарушылық іс жүргізудің қол жетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында AdiletGov Мобильдік қосымшасы іске қосылды.

Оның көмегімен азаматтар атқарушылық іс жүргізу барысы туралы өзекті ақпаратты ыңғайлы формата ала алады, қабылданған шараларды көре алады, өтініштер, арыздар мен шағымдарды жібере алады, сондай-ақ олардың қаралу мәртебесін қадағалай алады.