
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты, Қайнарбұлақ тұрғын алабында азаматтарға тегін құқықтық кеңес берілді.
Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдері, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Мамандар азаматтардың өтініштерін тыңдап, сауалдарына жан-жақты жауап беріп, құқықтық кеңес пен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, AdiletGov мобильдік қосымшасы туралы азаматтарға ақпарат берілді, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды.
Мұндай қабылдаулар — тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтудың тиімді жолы.