№69 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

№69 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №69 түзеу мекемесінде құқықтық көмек акциясы өтті.

Сотталған азаматтарға әлеуметік құқық кеңестер беріліп,сұрақтарына жауап берілді.

Іс шараға Шымкент қаласының адвокаты А.Дуйсенов, жеке сот орындаушы М.Құрбан, сондай-ақ, заң консультанттары Е.Алтынбек, Н.Мырзабай, Б.Сейсенбек қатысты.

Іс шараның басты мақсаты - сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Мұндай кездесулер сотталғандар арасында құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.