
Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №78 түзеу мекемесінде құқықтық көмек акциясы өтті.
Сотталған азаматтарға әлеуметік құқық кеңестер беріліп,сұрақтарына жауап берілді.
Іс шараға Шымкент қаласының адвокаты С.Анаркулов, нотариус Г. Рахметова, жеке сот орындаушы Г.Жунисов, сондай-ақ, заң консультанттары А.Орынбек, А.Маханов, Р.Жусеев, К.Телькозиев, К.Кыдырбек, Е.Алтынбек қатысты.
Іс шараның басты мақсаты - сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Мұндай кездесулер сотталғандар арасында құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.