
Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №78 түзеу мекемесінде құқықтық көмек акциясы өтті.
Сотталған азаматтарға әлеуметік құқық кеңестер беріліп,сұрақтарына жауап берілді.
Іс шараға Шымкент қаласының адвокаты А.Дуйсенов, жеке сот орындаушы М.Құрбан, сондай-ақ, заң консультанттары Е.Алтынбек, Н.Мырзабай, Б.Сейсенбек қатысты.
Іс шараның басты мақсаты - сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Мұндай кездесулер сотталғандар арасында құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.