ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында орналасқан «Авимед» колледжі жастарының арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының” заң консультанттары Н.А.Мырзабай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің мүшесі Ж.А.Тілеуберген және Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Е.Р.Аликул қатысты.
Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг мәселелеріне тоқталып, бұл әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екені туралы баяндалды. Сондай-ақ, спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды.