
ҚР Әділет министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің ұйымдастыруымен заң клиникаларының өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында онлайн-кеңес өтті.
Аталған кеңеске Шымкент қаласы Әділет департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында «Қарызсыз қоғам» жобасы және заң клиникаларының өзара іс-қимылы, сондай-ақ,заң клиникаларының қызметін жетілдіру, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттырудың тәсілдері талқыланды.
Аталған шара тәжірибе алмасу, цифрлық заң қызметтерін дамытуға және құқық саласындағы тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.