
Қайнарбұлақ ауылындағы Мәдениет үйінде, Шымкент қаласы прокуратурасының қолдауымен, тұрақты жұмысы жоқ, пробация қызметінде есепте тұрған және алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — азаматтардың жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.
Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, кеңес алып, өздеріне лайықты жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды.