
Заң клиникасы жұмысы шеңберінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерін “Қазақстандық заң консультанттарының палатасының” заң консультанты Т.Ч. Анарбаев тәжірибелік жұмыс дағдыларымен таныстырды.
Кездесуге заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Р.Ж.Тоханова қатысты.
Кездесу танымды әрі нәтижелі болды. Студенттер заң консультантының қызметі мен мемлекеттік органдардағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері жөнінде құнды мәліметтер алды. Палата кеңесшісі тәжірибеден нақты мысалдар келтіріп, болашақ мансапқа қатысты пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар, "Сот кабинеті" жүйесі арқылы арыз (өтініш, талап арыз, шағым және т.б.) жіберуді көрсетті.
Сондай-ақ студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, кәсіби жауаптар алды. Мұндай кездесу заңгер мамандығына деген қызығушылықты арттырып, оның қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.