“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

“Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде” “Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті.
Студенттермен e-Gov қосымшасындағы «Заң және тәртіп» тетігі, алаяқтық, нашақорлықтың зияндылығы және сыбайлас жемқорлық тақырыптарында түсіндірмемелер баяндалды.
Кездесуге Шымкент қаласының Әділет департаментінің бас маманы С.Бахтыяр, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Ә.Ж.Төребек қатысты.
Жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, нашақорлықтың зияны жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, шара барысында азаматтарға “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде іске қосылған жасанды интеллект туралы насихатталды.