ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Тұрақты жұмысы жоқ, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған және алимент бойынша берешегі бар азаматтарға!

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында сіздерді бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Іс-шара барысында жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, қолайлы жұмыс табуға мүмкіндік аласыз.

Өткізу күні: 2025 жылғы 29 қазан
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ елді мекені, Мәдениет үйі

Іс-шара барлық қатысамын деген азаматтарға ашық.
Жұмыс тауып, өзіңізге және отбасыңызға сенімді болашақ құрыңыз!