ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ЖАСТАРМЕН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде “Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті.
Студенттермен e-Gov қосымшасындағы «Заң және тәртіп» тетігі, алаяқтық, нашақорлықтың зияндылығы және сыбайлас жемқорлық тақырыптарында түсіндірмемелер баяндалды.
Кездесуге Шымкент қаласының Әділет департаментінің бас маманы С.Бахтыяр, «Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының» заң консультанттары Н.Мырзабай және колледждің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Н.Ж.Асанов қатысты.
Жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, нашақорлықтың зияны жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, шара барысында азаматтарға “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде іске қосылған жасанды интеллект туралы насихатталды.