
Республика күні мерекесіне орай Әділет департаментінде салтанатты жиын өтті.
Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н. Айдаров нотариусты, жеке сот орындаушысы мен заң консультанттарын Департамент басшысының грамотасымен марапаттады.
Бұл марапат – олардың заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы адал еңбектерінің айғағы.
Барша әріптестерімізді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!