
«Құқықтық көмек» жобасы аясында Қаратау ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу, оларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ шалғай елді мекендерде тұратын азаматтардың партиямен тікелей байланысын арттыру. Қоғамдық қабылдауға Шымкент қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісінің орынбасары Талғат Балтабаев, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов, заң консультанты Яша Османов және де тиісті басқарма өкілдері қатысты. Көшпелі қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік жағдай, алаяқтық, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, тұрғын үй мәселесі, коммуналдық қызмет сапасы және жұмыспен қамту сынды бағыттарда өз өтініштерін білдірді. Әрбір азаматтың өтініші жеке тыңдалып, заң аясында толық түсіндірме берілді.