М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ-ДА ЗАҢ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ!

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ-ДА ЗАҢ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Заң клиникасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген:
- Университеттің Басқарма мүшесі, Бірінші проректор, з.ғ.к., доцент Сарыкулов Курмангалы Рахымбердиевич
- Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Исабекова Айнұр Акжигитовна

Салтанатты жиынға сондай-ақ:
- Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысының орынбасары Р.С.Досанова
- Шымкент қаласы Нотариаттық палатасының төрағасы Г.Т. Джунисбекова
- Адвокаттар алқасының төрағасы С.Ш. Баймуратов
- Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы М.М. Әбдібай және орынбасары Ә.Т. Есимова қатысты.

Шара аясында университет пен Әділет департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Клиниканың басты мақсаты – студенттерге тәжірибелік білім берумен қатар, халыққа тегін құқықтық көмек көрсету. Бұл – заң саласының болашақ мамандарын даярлауда маңызды қадам.