ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ.

Департамент басшысы А. Исабекова төрағалық еткен іс-шарада заң көмегінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге Департаменттің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н. Айдаров мемлекет кепілдік берген заң көмегін жайлы баяндама оқыды.
Жиынға Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының төрағасы С. Баймұратов пен адвокаттар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, ұсыныстарын білдірді.
🔹 Қорытындысында әлеуметтік осал топтарға сапалы заң көмегін көрсету, құқықтық сауаттылықты көтеру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту – Әділет органдары қызметінің басты бағыты екені атап өтілді.