Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Р.С.Досанованың төрағалық етуімен Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАК Шымкент қаласының филиалының қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері және жеке нотариустардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін мәселелер және бас тартуларды алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Ic-шара барысында ресми құжаттарға апостиль қоюдың, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің, заңды тұлғаларды тіркеудің сапасын жақсартып, қызмет алушылардың наразылығын болдырмау мәселелері аталып өтті.
Сондай-ақ, электронды қызметтердің санын арттыруға ерекше назар аударылды.