Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты конференция өтті.
Іс-шараға қала әкімдігі мен мәслихат өкілдері, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары және әділет саласының ардагерлері қатысты.
🔹 Конституцияның ел дамуындағы орны мен әділет органдарының қызметі талқыланды
🔹 Заң ғылымының өкілдері мазмұнды баяндама жасады
🔹 Викторина өткізіліп, бейнеролик көрсетілді
🔹 Заң саласының үздіктері алғыс хаттармен марапатталды
Бұл мерейтой – заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам құру жолындағы бірлігіміздің айғағы.