🔷Қонституцияның 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Әділет департаментінің бастамасымен “Әр азаматқа – заңдық көмек!” акциясы өтті.
🔷Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті мен жергілікті басқарма мамандары, сондай-ақ нотариустар қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер ұсынды.
🔷Шара мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қажетті құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету.