ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні өтті.

Шараға Шымкент қаласының атқарушы органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ, Департаменттің бас маманы Д.Бухарбаев, адвокат Б.Мархабаев, жеке сот орындаушылар А.Құдайберген, Т.Тәңірберген, С.Байдыбеков, Б.Хамитов қатысты.

Іс-шара барысында өтініш білдірген азаматтарға қоғамдық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша білікті заң көмегі көрсетілді.

Бұл шара құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және халыққа қолжетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған.