Шымкент қаласы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С. Алимкулов
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының Жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі, жиі кездесетін қателіктер мен бас тарту себептері, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру, қызмет сапасын арттыру және заңнамалық талаптарды сақтау бойынша практикалық білім беру.