Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында "Тегін заң көмегі күндері" тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шара құқықтық мәдениетті арттыру және заң үстемдігін ілгерілету аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Д.Ботан, адвокат А.Дүйсенов, нотариус Ф.Арыстанова, жеке сот орындаушы Т.Тәңірберген, заң консультанты Р.Жанпейсов, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің өкілі А.Сабыржанов қатысты.
Тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзекті әлеуметтік және заңдық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заң шеңберінде туындайтын сұрақтарға нақты әрі қолжетімді жауап беру.