Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының Әділет департаменті және Шымкент қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасындағы кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін бірлесіп анықтау және шешу жөніндегі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар кәсіпкерлік субьектілерінің жүйелі мәселелерін бірлесіп анықтау және жедел шешудің маңыздылығын негізге ала отырып, сондай-ақ кәсіпкерлердің мәселелерін уақытылы қарау мен шешу және өзара ынтымақтастық орнату мақсатында келісімге келді.