26 маусым күні «ShymCity» саябағында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ерекше концерттік кеш өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы барлық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Әділет департаменті де қатысты.
🔍 Кеш барысында азаматтарға арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, Әділет департаментінің қызмет бағыттары таныстырылды. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен ЖИ құқықтық консультанттарының қызметтері кеңінен түсіндірілді.