Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қозғалмалы қабылдау» акциясы өтті.
Кезекті акция Тұран ауданына қарасты сауда орталығында жалғасын тапты.
Іс-шараға Әділет департаментінің бас маманы Б. Тағайбек, адвокат Н. Сидиков, сондай-ақ прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.