Шымкент қаласы Әділет департаментінде ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Батыры туралы кітаптардың авторы Қайырбаев Мұрат Махметұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қызметкерлерге мазмұнды рухани әңгіме айтылып, автордың “Махмет Қайырбаев” атты биографиялық кітабы таныстырылды. Шара соңында кітап қызметкерлерге тарту ретінде үлестіріліп, қызметкерлер автордан естелік тілек пен қолтаңба алды.