Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысының м.а. А.Амирханов пен Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық палатасының төрайымы Ж.Бидельманова тыл ардагерлері 100 жасқа келген Кайкен Бояубаеваны және Мухтар Сиырбаевты құттықтап "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медалдерін табыс етті.
Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске өз үлестерін қосқан ардагерлердің ерен еңбектері мәңгі ел есінде.