Ағымдағы жылдың 05 мамыр айында ШҚО Әділет департаментінің басшы орынбасарының м.а. Ф.Слямованың төрағалығымен, судья Ф.А.Камалов, К.А.Журенко, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агентігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдерінің басқарма басшысы В.М.Зуев, Өскемен қаласы прокуратурасының, ШҚО полиция Департаменті, және ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен борышкерлерді заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша сот практикасының проблемалық мәселелері, сондай-ақ электрондық әмиандар арқылы өндіріп алудың мүмкін еместігі жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
Жеке сот орындаушыларын лицензиядан айыру бойынша бірыңғай сот практикасының болмауы жайлы мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
-заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша бірыңғай сот практикасын әзірлеу;
- сот орындаушылармен материалдарды уәкілетті органға жіберген кезде олардың толықтығын қамтамасыз ету;
Өткізілген кеңес барысында, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне» борышкерлерді жауапкершілікке тарту бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, борышкерлерді жауапкершілікке тарту туралы мәселелер бойынша прокуратура органдарымен, соттармен, оның ішінде облыстық маңызы бар соттармен, құқық қорғау органдарымен, сот орындаушылармен кеңейтілген отырыс өткізу ұсынылды.
https://www.instagram.com/reel/DJTDoDoy1ko/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==