Ағымдағы жылдың 02 мамырында «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалымен Өскемен қаласының әкімдігінің «№35 орта мектебі» КММ-нің оқушыларына «Буллинг», «Кибербуллинг», сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Жеңіске жол» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәріс барысында оқушыларға «Жеңіске жол» тақырыбында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі маңызды оқиғалар туралы ақпарат берілді.
Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті.