Жұмыс кеңесі өткізілді

Жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 сәуір айында Департамент басшы орынбасарының м.а. Ф.Слямованың төрағалығымен, ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы С.Абдрахмановтын қатысуымен, облыстың жеке сот орындаушыларының қатысуымен, жұмыс кеңесі өтіп, оның аясында облыстың жеке сот орындаушыларының 2025 жылдың бірінші тоқсандығын орындалған жұмыс қорытындысы шығарылды.
Кеңес барысында, әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатқызылған, мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарын орындау бойынша Әділет департаментінің талдау нәтижелері жарияланды.
Сондай-ақ, облыстың прокуратурасымен мемлекет кірісі мен алимент өндіру туралы атқару құжаттары бойынша енгізілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатқызылған, мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жетілдіру, мәжбүрлеп орындату сипатындағы заңмен көзделген шараларды жан-жақты және толық қолдану, үәкілетті органдармен өзара қарым-қатынас жасау туралы тапсырма берілді.