Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде облыс орталығының алғашқы жаяу жүргіншілер Арбат көшесінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы орынбасарының м.а. Ф.Слямовамен, ШҚО Әділет департаментінің филиалы «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» сот орындаушысы А.Б.Туякаев, ШҚО бойынша жеке сот орындаушылары, «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалы өкілі Ж.Каныбекованың қатысуымен «Атқару құжаттарды орындау» және «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында азаматтар оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікке тыйым салу және алып тастау, сот шешімдерін орындау, мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін беру мәселелері бойынша түсініктемер берілді.
Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.