
«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында, ауылдық клубтарда, демалыс орталықтарында және т. б. EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
Ақпараттық жүйелерді пайдалануға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аумақтық әділет органының құқықтық түсіндіру бөлімінің қызметкеріне телефон шала алады; қажет болған жағдайда заң консультанттары палаталарының өкілдері және адвокаттар алқасының өкілдері тартылады.