Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты
Е-апостиль қою рәсімінің негізгі мақсаты Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығына және тиісінше ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар өтініш беруші электрондық апостиль ала алады. Бұған дейін уәкілетті органға апостиль қою үшін қағаз құжат ұсынылған болатын, мұндай форматта қағаз құжатты ұсыну қажеттілігі болмайды. Көрсетілетін қызметті алушының egov.kz. порталда өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жүгінудің баламасы бар.
Апостиль қою үшін ұсынылған құжат құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді). Электрондық апостиль қою үшін ұсынылған сканерленген құжат түпнұсқаға дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулер мен мәтінді өшіруге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары Апостиль қою қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде электрондық апостиль қалыптастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.Онлайн қызметті алу үшін қажет:
1. Порталда авторизациялау және «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
2. Электрондық сұраным өрістерін толтыру және апостиль қойылған құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу;
3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольдің көмегімен сұрау салуға қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) «Апостиль» электрондық мөртабанын алу.