
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата-Заң тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 4 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ММ-мен бірлесе отырып, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхана» КММ-де экскурсия өтті.
Шара барысында оқушыларға «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің басты заңы» тақырыбында дәріс оқылды.
Экскурсия барысында мектеп оқушыларына Конституцияның негізгі қағидалары, оның қоғам өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Сондай-ақ, оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері көрсетілді.
Кездесу соңында оқушыларға «3D Virtual» виртуалды ойынына қатысуға мүмкіндік берілді.