"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 26 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ғимаратында "Ашық есік күні" акциясы өткізілді.
Іс-шара Нотариаттық палата, Адвокаттар алқасы, заң консультанттары палатасы, облыстың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Іс- шара барысында азаматтарға неке қию және бұзу, мемлекеттен әлеуметтік көмек алу, мәмілелерді куәландыру, алимент өндіру және т.б сұрақтар бойынша кеңестер берілді.