
Ағымдағы жылдың 19 наурызында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ақпараттық жариялау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Өскемен қаласының әкімдігінің «№34 орта мектебі» КММ-нің оқушыларына «Буллинг», «Интернет-алаяқтық», «Құмар ойындарға тәуелділік» тақырыптарға дәріс өткізілді.
Шара барысында оқушыларға жастар арасындағы әлімжеттік, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, интернеттегі алаяқтардан қорғану жолдары бойынша ақпарат берілді.
Шара жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.