Кейбір функцияларды әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ беру туралы

Кейбір функцияларды әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ беру туралы

2019 жылғы 2 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2018 жылғы 24 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 14.07.2022 жылғы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес 01.07.2019 жылдан бастап коммерциялық заңды тұлғаларды, 30.07.2018 жылдан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды, 01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін (бұдан әрі-АХАТ) мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциялар әділет органдарынан "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілді.

Алайда, жоғарыда аталған функциялардың әділет органдарынан мемлекеттік корпорация КЕАҚ-ға берілуіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін ШҚО Әділет департаментінің атына жоғарыда аталған берілген функциялар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсуде.

ҚР Азаматтық кодексінің 34-бабының 2) және 3) тармақтарына сәйкес - "мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында құрылған заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылатынын атап өткен жөн. Мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында құрылған заңды тұлғалар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады".

Осыған байланысты, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін, коммерциялық ұйымдарға, жылжымайтын мүлікке және АХАТ-ге қатысты өтініштерді басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация КЕАҚ филиалына жолдау қажет екенін ескеруді сұраймыз.