2024 жылғы 05 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырған "Тіл - достық пен келісімнің негізі" атты кітап көрмесіне барды. Көрмеде белгілі қазақ жазушылары А. Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М. Әуезовтың шығармаларына ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері "Сөз мергені" лингвистикалық ойынына қатысты.